send link to app

Әйел Бақыты app for iPhone and iPad


4.8 ( 2848 ratings )
Lifestyle
Developer: Darkhan Mukushev
Free
Current version: 1.0, last update: 7 years ago
First release : 03 Nov 2016
App size: 18.75 Mb

Бағдарламада бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербететін әйелдердің беделі, отбасындағы күйі, әлеуметтік жағдайы, бала тәрбиесіндегі маңызы, ерлі-зайыптылардың бүгінгі болмысы туралы сөз қозғалады. Керекті кеңес, әдеміліктің құпиясы, сән және т б. мәселелер көтеріледі. Ашық әңгіме түрінде өтетін шынайы сұхбат кез келген көрерменнің қызушылығын арттыра түседі. Жоба нәзік жанды арулардың жан дүниесін ашып көрсетіп, қиындықтарын шешуге жәрдемдеседі. Жүргізуші тікелей эфирде көрерменмен тілдесіп, қилы тағдырларға куә болады. Оларға сырлас болып, қажет жерде көмек қолын созып, сарапшылармен бірге кеңес беруді көздейді.

Мақсаты - қазақ әйелінің ең үздік, ең жарқын бейнесін қалыптастырып, халық арасына насихаттау. Қазіргі заман әйеліне отбасы мен қоғам арасына үйлесім орнатуға көмектесу. Халқымыздың дәстүрімен, заманмен үйлестіре отырып, әйелдердің өзіне деген сенімін ояту, оларға қолдау көрсету. Жаңа маусымда бағдарламаның форматына өзгеріс еніп, ерекше жаңашылдықтармен көрерменнің жүрегіне жол тартпақ.